logo

«Барыс» өз айдынында ҚХЛ аутсайдерінен жеңіліп қалды

«Барыс» өз айдынында ҚХЛ аутсайдерінен жеңіліп қалды

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың «Барысы» өз айдынында қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport +.

Айта кету керек, «Барыс» Шығыс конференциясында ең соңғы орында келеді. Ал, қытайлық клуб – Батыс конференциясындағы аутсайдер, ол 12 клубтың ішінде 11-шы сатыда тұр. Соған қарамастан «Барыс» «Куньлуньға» қарсы қауқар таныта алмады, тіпті 60 минут бойы бір шайба да соға алған жоқ.

Ойынның бірінші кезеңі голсыз өтті. Ал, екінші кезең аяқталар тұста қытайлықтар сапынан Рурк Шартье есеп ашса, үшінші кезең соңында Дойл Сомерби «Барыстың» бос қақпасына екінші шайбаны енгізді.

Айта кетейік, маусым басынан бері сәтсіз ойын көрсеткен «Барыстың» бас бапкері жуырда ғана ауысқан болатын. Команда тізгінін Ғалым Мәмбетәлиев қайта ұстады. Содан бері астаналықтар төрт ойынның екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліп отыр. Барлығы 20 ойында небәрі 11 ұпай жинаған.



Күн шежіресі