logo

КХЛ құрамына тағы бір клуб қосылуы мүмкін

КХЛ құрамына тағы бір клуб қосылуы мүмкін

2025/26 маусымында КХЛ құрамына тағы бір клуб қосылуы мүмкін. Лигаға кіруге қызығушылық білдірген Тула қаласының АКМ клубы бұл туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

АКМ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, екі дүркін олимпиада чемпионы Борис Михайлов КХЛ-ға кіру ниеті бар екенін растады: «Мұндай идея бар, бірақ әрі қарай не болатынын айта алмаймын. Әзірге ресми деңгейде ештеңе айтылған жоқ. Бұл сұрақтарды клуб президенті мен басшылығынан сұраған жөн», — деді Михайлов.

АКМ қазіргі уақытта ЖХЛ-де өнер көрсетеді. 2024 жылы Тула командасы алғаш рет ЖХЛ финалына шығып, альметьевтік «Нефтяникке» есе жіберген болатын.



Күн шежіресі