logo

Sport+ телеарнасы Гойти Дазаев пен Дмитрий Бикревтің жекпе-жегін көрсетеді

Sport+ телеарнасы Гойти Дазаев пен Дмитрий Бикревтің жекпе-жегін көрсетеді

21 ақпанда Сочиде Fight Night лигасының үлкен турнирі өтеді. Оның аясында қазақстандық жауынгер Гойти Дазаев пен ресейлік Дмитрий Бикрев арасында көптен күткен реванш өтеді. Бұл жекпе-жекте лиганың чемпиондық титулы сарапқа салынады.  

Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде Артем Резниковтың досы және спарринг серіктесі Александр Сарнавский UFC-дің бұрынғы жауынгері, бразилиялық Адриано Мартинспен кездеседі.  

Сондай-ақ, турнирге «Alash Pride» лигасының чемпионы Ансар Қасымжанов қатысады.  

Турнирді толықтай тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі