Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз Үндістан өкілі Сагар Джагланмен кездесті.

Нұрқожа Қайпанов белдесуді сенімді өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.