Alash Pride чемпионы Сочиде өтетін Fight Night лигасының турнирінде өнер көрсетеді

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер, «Alash Pride» лигасының чемпионы Ансар Қасымжанов Fight Night турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+.
Турнир 21 ақпанда Сочиде өтеді. Басты жекпе-жекте қазақстандық Гойти Дазаев лига белбеуі үшін Дмитрий Бикревпен реванш өткізеді.