Әділ Боранбаев Гончаровпен болатын жекпе-жегі туралы: Біздің текетірес қатал әрі ымырасыз болады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әділ Боранбаев Sport+ сайтына берген сұхбатында кикбоксинг бойынша Fight Nights турнирінде өтетін Андрей Гончаровпен болатын жекпе-жегі туралы айтты.
— Осы бейсенбіде кикбоксинг турнирінде қатысасыз. Дайындық қалай өтті?
— Дайындық жақсы өтті. Біз Алматыдағы Fight Club клубында дайындадық, барлығы жақсы, жекпе-жекке дайынмын.
— Кикбоксингте дайындық ММА-дан өзгеше ме?
— Дайындық жақсы. Кикбоксингте дайындық ММА-дан гөрі айырмашылығы өте көп. ММА-ға дайындық басқа, онда күшке жаттығулары көп, күреске көбірек көңіл бөлінеді. Ал кикбоксингте дайындық көбіне аяқта тұрып өтеді, қозғалыс көп, қол мен аяқпен жұмыс жасау керек. Жалпы, дайындық түбегейлі өзгеше.
— Сіздің қарсыласыңыз Андрей Гончаров. Ол туралы не айтар едіңіз және болашақ жекпе-жектен не күтесіз?
— Андрей — өте мықты, жарылғыш әрі берік спортшы. Біздің жекпе-жек қатал әрі ымырасыз болады. Алғашқы минуттардан-ақ өте қызықты, қуатты жекпе-жек болады деген ойдамын.
Айта кетейік, Боранбаев пен Гончаров арасындағы жекпе-жекті және ФКР ПРО 10 турнирін тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan арнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.