Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топтық көпсайыста қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Финалда қазақстандық гимнастар 51,550 ұпай жинады. Бес доппен орындалған жаттығу үшін 25,450 ұпай, ал үш шығыршық пен екі жұп ұршықты қолданған бағдарлама үшін 26,100 ұпай алды.
Қазақстан құрамасы сапында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті.
Қытай құрамасы 55,300 ұпаймен жеңімпаз атанса, Жапония командасы 52,500 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды.