Жарақатынан айыққан қазақстандық жауынгер UFC-де екінші жекпе-жегін алды

Eurosport журналисі Марсель Дорфтың мәліметінше, Бекзат Алмахан Монреальдағы UFC 315 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық файтердің қарсыласы — тәжірибелі Бред Катона (14-4, 4-4 UFC). Бұл Бекзат үшін UFC-дегі екінші жекпе-жек болмақ. Алғашқы жекпе-жегінде ол Умар Нурмагомедовке төрешілер шешімімен жеңіліп, содан кейін жарақатынан қалпына келген еді.