Михаил Кравец: Айып уақыты тым көп болды
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец «Нефтехимикке» қарсы ойындағы оң және теріс тұстарды атап өтті, деп хабарлайды Sport+.
— Үш жеңілістен және көңіл көншітпейтін ойындардан кейін бұл өте маңызды жеңіс болды. Оның үстіне біз бұл жерде көптен бері жеңіске жете алмай жүрген едік. «Нефтехимик» — плей-оффқа шығу жолындағы негізгі бәсекелестеріміздің бірі. Жігіттердің мінез көрсете білгеніне қуаныштымын. Бірақ айып уақытын тым көп алғанымыз жаман болды. Болмауы тиіс айыптар өте көп болды. Соған қарамастан, жігіттер аз құрамда өте жақсы ойнады. Бұл маңызды. Олар соңына дейін тырысып, сенді. Екі шайба айырмасымен ұтылып жатқанда оңай болған жоқ. Бірақ ойынға қайта оралып, қарсыласты жеңе білдік. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Жігіттерді де, жанкүйерлерді де жеңіспен құттықтаймын, — деді бапкер.