Көшбасшы Көкшетауға аттанады: «Оқжетпес» — «Аят» матчының тікелей эфирі

Көшбасшы Көкшетауға аттанады: «Оқжетпес» — «Аят» матчының тікелей эфирі

Маусым көшбасшысы — Рудныйдың «Аят» командасы кезекті турда Көкшетауға қонаққа барады.

Алаң иелерінің қазіргі таңда 6 ойында бірде-бір ұпайы жоқ — 10 гол соғып, 32 доп жіберген. Жағдайды түзету үшін жуырда «Оқжетпеспен» келісімшартқа отырған бразилиялық Жайме Кандидо мен қазақстандық әмбебап ойыншы Азат Қайыржанов команда сапына қосылды. Бұған дейін клуб тағы бір бразилиялық футболшы — қақпашы Далтонды қатарына алған болатын.

Ал «Аятқа» келсек, команда дәл қазір чемпионаттың айқын көшбасшысы. Рудныйлық ұжым 6 матчта 16 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара бірінші орында тұр. Команданың бас бапкері Қанат Таңақпаев қазақстандық футзал жаңалықтарының негізгі дереккөздерінің бірі — «futsalkazakhstan» нұсқасы бойынша айдың үздік бапкері атанды.

Жежені де ерекше атап өткен жөн. 27 жастағы бразилиялық 11 голмен қазіргі таңда Суперлиганың үздік сұрмергені болып тұр.

Көкшетаудағы матч сағат 15:00–де басталады.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.