logo

Қазақстандық боксшы апелляциядан кейін Азия чемпионатының алтын медаліне ие болды

Қазақстандық боксшы апелляциядан кейін Азия чемпионатының алтын медаліне ие болды

Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Хавазбек Асадулаевтың тістеп алғаны үшін апелляция бойынша Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан бокс федерациясы наразылық білдірді. Нәтижесінде IBA жекпе-жекті қайта қарап, Жүсіповке жеңіс сыйлады, ал Асадуллаев жарыстан уақытша шеттетіледі. 

27 жастағы Жүсіпов үшін Азия чемпионаты кәсіби бокстан оралғаннан кейінгі алғашқы ірі турнир болды, ол мансабында алғаш рет Азия алтынын алды, ал 2017 және 2021 жылдары күміс медальға ие болды.