Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол оңтүстіккореялық Хуивон Чонмен кездесті.

Тартысты белдесу 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша көрсеткіштер бойынша басым түскен Жібек Құлымбетова жеңіске жетіп, қола медаль иеленді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан күміс медаль жеңіп алған еді. Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.