Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық джитсер Нұржан Батырбеков Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді.
Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл оның екінші медалі. Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.