logo

Қазақстан Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесіне қол жеткізді

Қазақстан Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесіне қол жеткізді

Бокстан Қазақстан командасының өкілі Бекзад Нұрдәулетов Чиангмайда (Тайланд) өткен Азия чемпионатының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Ол 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанып, алтын медальға қол жеткізді.

Финалда қазақстандыққа Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан) қарсы шықты. Жекпе-жек Бекзадтың жеңісімен төрешілердің шешімімен аяқталды. 

Бұған дейін бірінші орынды Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) иеленді. Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (71 келіге дейін), Диас Молжігітов (75 келіге дейін) күміс медальдарға ие болды.