Қазақстандық шпагашылар әлемдік семсерлесуде бірегей жетістікке жетті
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы бір маусым ішінде үш ірі командалық жарыста чемпион атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан семсерлесу федерациясының мәліметінше, бұған дейін ерлер арасында семсерлесуден ешбір құрама бір жылдың ішінде құрлық чемпионатында, әлем біріншілігінде және құрлықтық ойындарда жеңіске жетпеген.
Маусым айында Қазақстан құрамасы Делиде өткен Азия чемпионатында топ жарды. Арада бір ай өткен соң қазақстандық семсерлесушілер ел тарихында тұңғыш рет Гонконгта өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандықтар тағы бір жүлдені Аичи-Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарында иеленді. Командалық жарыстың финалында Қазақстан Оңтүстік Кореяны 43:42 есебімен жеңді.
Аичи мен Нагоядағы ойындарда команда сапында Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсетті. Маусым барысында ұлттық құрама сапында Никита Жулинский де ел намысын қорғады.
Айта кетейік, Қазақстан семсерлесуден Азиададағы командалық жарыста 24 жылдан кейін алғаш рет жеңіске жетті. Бұған дейін ұлттық құрама 2002 жылы Пусанда өткен Азиадада чемпион атанған еді.