Балуан Мейіржан Шермаханбет Азиада-2026-ның қола жүлдегері атанды
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Мейіржан Шермаханбет Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Шермаханбет моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті.
Отандасымыз 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді.