logo

Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионатында бес алтын медаль иеленді

Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионатында бес алтын медаль иеленді

Елдана Тәліпова Чиангмайда өткен бокстан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетіп, құрамамызға бесінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды Sport+.

81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы өзбекстандық Олтина Сотимбоевамен кездесті. Елдана барлық үш раундта айқын басымдық көрсетіп, Азия чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл құрлықтық жарыста бес алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін Виктория Графеева (60 кг дейін), Аида Әбікеева (63 кг дейін), Наталья Богданова (70 кг дейін) және Гүлсая Ержан (81 кг дейін) алтын медаль иегері атанған еді.

Сонымен қатар, Айгерім Саттыбаева (48 кг дейін), Жазира Орақбаева (52 кг дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг дейін), Милана Сафронова (66 кг дейін) және Диана Мағауияева (75 кг дейін) Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.