Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды
Чианг Мэйде (Таиланд) ерлер арасындағы Азия чемпионатының ақтық сыны өтуде, деп хабарлайды Sport+.
Қазіргі уақытқа дейін шаршы алаңға үш қазақстандық былғары қолғап шебері шығып үлгерді. 54 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан Өзбекстан боксшысын 4:1 есебімен жеңді. Осылайша, Азия чемпионы атанды.
Өкінішке қарай, 48 келіде Санжар Тәшкенбай мен 57 келіде Оразбек Асылқұлов өз жекпе-жектерінде есе жіберді. Екеуінің де қарсыласы Өзбекстаннан еді.