«Барыс» Қазандағы матчпен сырт алаңдағы сериясын бастады

«Барыс» Қазандағы матчпен сырт алаңдағы сериясын бастады

«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы матчтар сериясын Қазанда «Ақ Барсқа» қарсы кездесумен бастады, деп хабарлайды Sport+.

Есепті қазақстандықтар ашты. Всеволод Логвин мергендік танытып, нәтижелі сериясын бес матчқа дейін жеткізді. Алаң иелері екінші кезеңді белсенді өткізіп, қатарынан үш шайба соқты.

Матч 4:1 есебімен аяқталды. Соңғы шайба бос қақпаға соғылды. Енді астаналықтарды «Нефтехимикке» қарсы кездесу күтіп тұр.