Қазақстан ерлер құрамасы керлингтен екінші жеңісіне қол жеткізді

Харбинде (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы керлингтен төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
12 ақпан күні қазақстандық спортшылар Қырғызстан құрамасымен кездесті. Кездесу толық жеті эндке созылды. Нәтижесінде ұлттық құрама 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс, екі жеңіліс бар.