logo

Ардана Маханова: Жетістігіміздің басты кепілі – бапкердің тапсырмасын орындау

Ардана Маханова: Жетістігіміздің басты кепілі – бапкердің тапсырмасын орындау

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшылары Аяна Жолдас пен Ардана Маханова 2025 жылғы Азия ойындарындағы синхронды секіру бойынша өз өнерлерін бағалады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз Арданамен бар күшімізді салдық. Бапкеріміз бізге нақты тапсырма беріп, мақсат қойды. Біз оны орындауға тырыстық. Нәтижеге өте ризамыз. Арданамен алғаш рет синхронды секіруде жұп болып шықтық, бірақ тандеміміз жақсы үйлесті. Өте қуаныштымыз!» — деді Аяна Жолдас.

Ардана Маханова әлемдік деңгейдегі спортшылармен бәсекелесу үлкен тәжірибе екенін атап өтті:

«Иә, жетістігіміздің басты кепілі — бапкеріміздің тапсырмасын орындау. Біз барымызды салдық, қолдан келгеннің бәрін жасадық. Секіруіміз жаман болмады деп ойлаймын. Ал трибуналардағы қысымға келсек, біз оған көп мән бермейміз. Ең бастысы — өзіміздің секіруіміз. Әлемдік деңгейдегі спортшылармен жарысу — керемет тәжірибе. Бұл бізге алдағы жарыстарда көмектеседі, әрі қарай жеңіл болады»

Еске салайық, Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола жүлде иеленді.