Сергей Малый — футболдан Қазақстан құрамасының рекордшысы

Сергей Малый — футболдан Қазақстан құрамасының рекордшысы

Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» клубының қорғаушысы Сергей Малый ұлттық құрама сапында өткізген матчтар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Sport+.

Енді Малыйдың еншісінде 77 матч бар. Осы көрсеткіш бойынша ол Самат Смақовты басып озды.

Исламбек Қуат та рекордқа жақындап қалды. Оның еншісінде Сергей Малыйдан бір матч кем.