Түркістанда 10 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Turkestan Masters турнирі аяқталды

Түркістанда 10 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Turkestan Masters турнирі аяқталды

Түркістанда 10 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Road to TOP 8 сериясындағы Turkestan Masters 10&Under республикалық турнирі өтті. Жарысқа 51 жас теннисші қатысты.

Турнир аптасы бойы қатысушылар жекелей сында жүлделі орындар үшін бақ сынады. Жарыс жас ойыншыларға тәжірибе жинауға, шеберліктерін сынауға және өзге қалалардан келген құрдастарымен кортта кездесуге мүмкіндік берді.

Ұлдар арасында Шымкент өкілі Сұлтан Тұрған жеңімпаз атанды. Екінші орынды алматылық Әбілмансұр Айнабек иеленді. Алматының тағы бір өкілі Никита Пан қола жүлдегер болды.

Қыздар арасында алматылық Алана Юсупова бірінші орынға ие болды. Шымкент өкілі Назерке Пердебек күміс жүлдегер атанса, алматылық Софья Акиньшина үздік үштікті түйіндеді.

Алғашқы ғарыштық мобильді байланыс Starlink жерсеріктерімен бүкіл Қазақстанда