Қазақстан жастар құрамасы Молдовадан жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы Молдовадан жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО іріктеу кезеңін өз тобында соңғы орынмен аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

Іріктеу кезеңінің соңғы матчында Владимир Чебуриннің шәкірттері Молдова құрамасындағы құрдастарына 2:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасы сапында Сейф Попов пен Мирас Оматай гол соқты.

Айта кетейік, Мирас Оматай мен Сұлтан Асқаров алаңнан қуылғаннан кейін Қазақстан құрамасы матчты тоғыз ойыншымен аяқтады.