Анатолий Цыбулько Алматыдағы халықаралық жасөспірімдер турнирінде жеңіске жетті
Алматыда ITF World Tennis Tour Juniors сериясына кіретін J30 Almaty халықаралық турнирінің ұлдар арасындағы жекелей сын жарыстары аяқталды. Қазақстандық теннисші Анатолий Цыбулько турнир жеңімпазы атанды.
Негізгі кезеңде 32 ойыншы өнер көрсетті. Алғашқы кезеңде қатысушылар сегіз топта бақ сынап, әр топтың жеңімпазы ширек финалға шықты.
Цыбулько өз тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңінде чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырды. Ширек финалда ол отандасы Әмір Асқарды 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Жартылай финалда Анатолий турнирдің үшінші ракеткасы Бексұлтан Бауыржановпен кездесіп, үш сетте басым түсті 6:3, 1:6, 6:1.
Финалда қазақстандық теннисші Румыния өкілі Давид Иоан Арчиппен ойнады. Цыбулько кездесуді 6:4, 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтап, чемпион атанды.
Бексұлтан Бауыржанов жарысты жартылай финалда аяқтады. Бұған дейін ол өз тобында жеңімпаз атанып, ширек финалда қазақстандық Нұрдәулет Балқанды 6:3, 2:6, 6:3 есебімен ұтқан еді.
Қазақстан өкілдері Әмір Асқар мен Арафат Мустафа Мустафа да ширек финалға дейін жетті.
Алғашқы ғарыштық мобильді байланыс Starlink жерсеріктерімен бүкіл Қазақстанда