2025 жылғы Азия ойындары аясында Харбинде (Қытай) ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама жарысы аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Михаил Шайдоров 76,65 ұпай жинап, аралық төртінші орынға жайғасты. Ал Диас Жиренбаев 65,56 ұпаймен сегізінші орын алды.

Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Юма Кагияма көш бастады — 103,81 ұпай. Одан кейін Оңтүстік Корея өкілі Ча Джун Хван, ал үздік үштікті қытайлық Дайвей Дай (82,89) түйіндеді.

Еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.