Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті

Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті матчын өз алаңында Фарер аралдары құрамасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Тартысты әрі нәтижелі өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Сергей Малый мен Нұралы Әліп гол соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына қарсы кездесуде жеңіске жете алмай, Ұлттар лигасының турнирлік кестесіндегі еншісіне бір ұпай қосты.

Қазақстан – Фарер аралдары – 2:2
Голдар: Сергей Малый 68, Нұралы Әліп 76 – Петур Кнудсен 22, Геза Тури 63