Константин Борцов: Біз Азиада-2025-те алтын медаль жеңіп алуды мақсат еткен едік

Қазақстандық шаңғышылар Олжас Климин мен Константин Борцов ерлер арасындағы эстафеталық жарыстан кейін 2025 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алуды жоспарлағандарын айтты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, спортшылар өткен жарыстан кейінгі ойларының екіұшты екенін атап өтті.
«Алған әсеріміз бен эмоциялар әртүрлі. Жақсысы да, жаманы да бар. Ауа райы айтарлықтай әсер етті деп айтуға болмайды. Керісінше, бізге қолайлы болды. Бұл қар жаңа жауып, жүгіру қиынға соғатын немесе күн қатты жылы болып кететін жағдайлардан әлдеқайда жақсы», — деп қорытындылады Климин.
Өз кезегінде Константин Борцов қатты жел қарсыластардан алшақтауға кедергі келтіргенін атап өтті.
«Жел, әрине, қатты болды. Қарсыластардан ұзап кету, арақашықтықты арттыру қиынға соқты. Біз алғашқы кезеңдерде алшақтап, үшінші-төртінші кезеңдегі шаңғышылар осы артықшылықты пайдаланады деп үміттендік.
Алайда тәжірибе көрсеткендей, бірінші болып жүгірген кезде көп күш жұмсалады. Соның салдарынан жоғары қарқын нәтиже үшін кері әсер етуі мүмкін еді.
Бүгін біз үшінші орынды иелендік. Барымыз осы. Біз бірінші орын үшін күрескіміз келді. Бізге алтын жүлде қатты қажет болды. Бүгін сол үшін бар күшімізді салуды мақсат еткен едік. Бірақ сәті түспеді. Өкінішті.
Дегенмен, бүкіл Азия ойындары көңілсіз өтті деп айта алмаймыз. Қуанышты сәттер де болды. Бірақ бүгін біз алтынды бар жан-тәнімізбен қаладық. Алда әлі көптеген маңызды жарыс күтіп тұр. Ұпай жинап, кейін Олимпиада ойындарына жолдама алуымыз керек», — деді Борцов.
Айта кетейік, Константин Борцов Азия ойындарында спринт жарысында екінші орын алды. Ал Олжас Климин 10 шақырымдық жарыста үшінші болып мәре сызығын кесті.