Дос болып қалдық: Ресейлік балуан Әлішер Ерғалимен қарым-қатынасы туралы айтты
Алматыға келген Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Абдулрашид Садулаев қазақстандық Әлішер Ерғалимен достығы туралы айтты, деп хабарлайды Sport +.
Еркін күрестен әлемге танымал балуан елімізге келген сапарында бірқатар спорт өкілдерімен кездесті. Бұл сапарда ресейлік балуанға еркін күрестен ұлттық құрама мүшесі Әлішер Ерғали құрмет көрсеткен еді.
Кезекті кездесу барысында дағыстандық спортшы қазақ спортшысымен өзін не байланыстыратынын атады.
«Біз әлем чемпионатының жартылай финалында күрестік. Содан бері кілем сыртында дос болып қалдық. Кілемде қарсыласпыз. Ал өмірде бір-бірімізге ешқандай талап жоқ. Әлішер екі рет Олимпиада ойындарына қатысты. Бұл да бір белес. Алайда Әлішер өз мақсатын жоғалтпады», - деді Садулаев.
Қос спортшы 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында күрескен еді. 97 келіде жартылай финалдық кезеңде олар қарсылас атанып, финалға Садулаев жолдама алды.