Қазақстандық балуандар күрестен әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады
Қазақстандық балуандар 18-24 қараша аралығында Армения астанасы Ереванда өтетін күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport +.
37 әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионатында қатысатын Қазақстан құрамасы тізімі:
Еркін күрес:
57 келі — Теміржанов Дәулет;
61 келі — Мерей Базарбаев;
65 келі — Алиев Маийс;
72 келі — Әшіров Мейржан;
74 келі — Сейлбеков Нұрдәулет;
79 келі — Әжіқұл Нұрдәулет;
86 келі — Мырзағалиев Рүстем;
92 келі — Дурсунов Самир;
97 келі — Куруглиев Камиль.
Әйелдер күресі:
50 келі — Анкичева Светлана;
55 келі — Седнева Марина;
76 келі — Еркебаева Гүлмарал.
Грек-рим күресі:
55 келі — Құрбаев Исхар;
60 келі — Сұлтанғали Айдос;
67 келі — Шермаханбет Мейіржан;
77 келі — Дилмухамбетов Асхат;
82 келі — Төлебаев Альмир;
87 келі — Қален Дияс;
130 келі — Сыздыков Әлімхан.
Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасовтың айтуынша, қазіргі таңда отандық балуандар әлемдік сынға сақадай сай.