logo

Абиба Әбужақынова Токио Гранд Слэміне қатыспайтын болды

Абиба Әбужақынова Токио Гранд Слэміне қатыспайтын болды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) желтоқсан айында Жапония астанасында өтетін турнирге қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport +.

Жыл соңындағы қорытынды жарыс 7-8 желтоқсан күндері күншығыс елінің астанасында өтпек.

Бұл сында Толғанай Әбеуова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Есмигүл Құйылова (63 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Назгүл Маратова (+78 кг) мен Карина Такиева (+78 кг) белдеседі.
 
Айта кететін жайт, әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова аталған додадан босатылып отыр. 48 келіде күресетін отандасымыз қазан айының ортасында Абу Даби Гранд Слэмінде үшінші орынға ие болған еді.



Күн шежіресі