Стоиловтың «Гезтепесі» дағдарыстан шығып келеді. «Гезтепе» – «Чорум» матчының тікелей эфирі
«Гезтепе» маусымды сәтсіз бастағанымен, Түркия құрамасының ойындарына байланысты ұзақ үзілістен кейін Станимир Стоилов шәкірттері қатарынан екі жеңіске қол жеткізді.
Измирлік клуб алдымен Ыстамбұлда «Эюпспорды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін сырт алаңда «Коджаелиспордан» 2:1 есебімен басым түсті.
Енді «Гезтепе» өз алаңында «Чорум» клубын қабылдайды. Суперлиганың жаңа қатысушысы турнирлік кестеде тоғызыншы орында келеді. «Чорум» да соңғы екі кездесуінде жеңіске жетіп, «Газиантеп» пен «Ризеспорды» тізе бүктірді.
Кездесу сағат 21:00–де басталады.
Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.