logo

Қазақстан балуандары Оңтүстік Кореядағы жарыста 6 жүлде еншіледі

Қазақстан балуандары Оңтүстік Кореядағы жарыста 6 жүлде еншіледі

Күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport +.

Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды.

Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.

Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта), және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.