Чемпиондық cұрақ кейінге қалды: «Жеңіс» пен «Ордабасы» ұпай бөлісті
Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында елордалық «Жеңісті» қабылдады.
Бұл кездесуде жеңіске жеткен жағдайда шымкенттік клуб чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз ететін еді. Алайда Антон Чичулин шәкірттері екінші таймның басында есеп ашып, алаң иелерін қиын жағдайға қалдырды.
Көп ұзамай Эльхан Астанов таразы басын теңестіріп, есепті 1:1-ге жеткізді. Дегенмен Андрей Мартин шәкірттері жеңіс голын соға алмады.
Осылайша, кездесу 1:1 есебімен аяқталып, «Ордабасының» чемпиондық атаққа қол жеткізу мәселесі кейінге қалды.