Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогінің алғашқы жеңімпаздары анықталды
Түркістан қаласында қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport +.
Бәсекеде 9 елдің кіл мықтылары бақ сынауда. Атап айтқанда, Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Әзербайжан, Қырғызтаннан шамамен 150-ге жуық балуан келіп, өзара мықтыны анықтап жатыр.
Жарыстың алғашқы күнінде төрт салмақ бойынша алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.
55 келі
1- орын: Рузимон Тугушев 🇰🇿
2-орын: Айбатыр Миразат 🇰🇿
3-орын: Елшан Дуниамалиев 🇦🇿
3-орын: Бекет Жүніс 🇰🇿
66 келі
1-орын: Әкежан Біләлов 🇰🇿
2-орын: Еламан Қуанбай 🇰🇿
3-орын: Кемелбек Молдаш 🇰🇿
3-орын: Аян Қайыржан
82 келі
1-орын: Нұрдәулет Бақтыбайұлы 🇰🇿
2-орын: Сайфидин Сайфидинзода 🇹🇯
3-орын: Адиль Адизаде 🇦🇿
3-орын: Алтаннаран Ренчиндорж 🇲🇳
100 келі
1-орын: Зураб Чвиниашвили 🇬🇪
2-орын: Ерасыл Амангелді 🇰🇿
3-орын: Паата Джвиниашвили 🇬🇪
3-орын Жандос Болашақ 🇲🇳