Елордада күрестен әлем чемпионаты басталды

Елордада күрестен әлем чемпионаты басталды

Астана төрінде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасынан алғаш болып грек-рим шебері Мерей Мәулитқанов бозкілемге шықты. Ол 77 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Кан Хенджинмен (Оңтүстік Корея) кездесті.

Отандасымыз айқын басымдық танытып, 9:0 есебімен белдесуді өз пайдасына шешті.

Сондай-ақ бүгін, 24 қазанда Исхар Курбаев (55 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) және Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) ел намысын қорғайды.



Күн шежіресі