«Бешікташ» Ялчынмен алғашқы жеңіске қол жеткізді (видео)

«Бешікташ» түрік маманы Ялчын команда тізгінін ұстағаннан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.
Кейінге шегерілген 1-тур матчы аясында «бүркіттер» сырт алаңда «Қайсериспорды» 4:0 есебімен тізе бүктірді.
Ойында хет-трик авторы Рафа Сильва атанса, тағы бір голды Тэмми Абрахам соқты.