«Парма» Италия Кубогының 1/8 финалына шықты (видео)

«Парма» драмалық матчта «Специяны» жеңіп, Италия Кубогының 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Sport+.
Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. «Парма» командасы атынан Саша Бричши мен Матео Пеллегрино гол соқты, ал «Специя» сапынан Джузеппе Аурелио мен Джанлука Лападула дәлдік танытты.
Пенальти сериясында «Парма» ойыншылары сәттірек болып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.