Фабрегас пен Мората бастаған «Комо» Италия Кубогында сенсация жасамақ. Қарсылас — «Сассуоло». Матчтың тікелей эфирі

2025/26 маусымы қарсаңында «Комо» аты дардай футболшылардан құралған қызықты команда жасақтады. Командаға Альваро Мората, «Манчестер Ситиден» Максимо Перроне, Диего Карлос, «Барселонадан» Алекс Валле және Австрия құрамасының ойыншысы Стефан Пош қосылды. Ал ұжымның тізгінін Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Сеск Фабрегас ұстап отыр.
Италияның А Сериясының алғашқы 4 турында Фабрегастың шәкірттері 7 ұпай жинап, көшбасшылар тобына жақын орналасқан. Енді оларды Италия Кубогінде келесі сын күтіп тұр — қарсылас ретінде Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Фабио Гроссо жаттықтыратын «Сассуоло» болады.
Фабрегас па, әлде Гроссо ма — кім жеңіске жетеді? Жауабын түнгі 00:00–де білетін боламыз.
«Комо» — «Сассуоло» матчының тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.