«Кальяри» Италия Кубогының 1/8 финалына өтті (видео)

Маусымды сәтті бастаған «Кальяри» тек А Сериясында ғана емес, Италия Кубогында да жақсы нәтиже көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
1/16 кезеңінде аралдықтар «Фрозиноне» командасын 4:1 есебімен жеңді.
«Кальяри» сапынан Джанлука Гаэтано, Дженнаро Борелли, Матиа Феличи және Николо Кавуоти гол соқты. Қонақтар атынан жалғыз голды Эдоардо Вергани енгізді.