«Бүркіттер» теріс дәстүрді бұзуға тырысады: «Кайсериспор» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

«Бешікташ» тағы да маусымды сәтсіз бастады — бұл соңғы бірнеше маусымда қалыптасқан дәстүрге айналғандай. Команда алғашқы 4 турда небәрі 6 ұпай ғана жинап, турнир кестесінің төменгі жартысында тұр.
Команданың сәтсіздігінің шарықтау шегі — Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде «Лозаннадан» жеңілуі болды. Осы жағдайдан кейін Ыстамбұл клубының басшылығы бапкерлер құрамын өзгертуге шешім қабылдады. Сульшердің орнына бұрын клубта жұмыс істеген Серген Ялчын қайта оралды.
Алайда Ялчынның қайта оралғаннан кейінгі алғашқы матчы да сәтсіз өтті — «Бешікташ» сырт алаңда «Гезтепеге» 3:0 есебімен ойсырай жеңілді.
Енді Серген мен оның командасын кезекті сапар күтіп тұр — бұл жолы Кайсериге.
«Кайсериспор» — «Бешікташ» матчы Астана уақытымен 22:00–де басталады.
Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.