Ғалым Мамбеталиев: Клуб қазақстандық паспорты бар жігіттер және ресейлік ойыншылармен даму жолын таңдады
«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Ғалым Мамбеталиев «Сібірмен» (3:1) ойыннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз қарсыласымызды саралаймыз, бәрі сияқты дайындаламыз. Хоккейшілерден беріліп ойнауды сұрадық. Негізінде, балалар бәрін түсінді, шайқасты. Бір жерде қателіктер болды, бірақ бәрі жақсы, қателіктер бәрінде де бар. Ең бастысы — жеңіске деген ұмтылыс. Жолға байланысты физикалық жағдай алаңдатты. Ойынның басы ұйқылы күйде өтті. Кейін отырдық, сөйлестік, мінез көрсетуді өтіндік. Олар лайықты түрде жеңіске жетті. Біздің басшылық қазақстандық паспорты бар жігіттер және ресейлік ойыншылармен даму жолын таңдады. Менің ойымша, бұл дұрыс жол. Бізде балалар ойын сайын өседі, қосады. Николишин мен Бурдасов арасында жақсы түсіністік бар. Бізде фарм-клубында әлі де резерв бар», — деді Мәмбеталиев.