Бактиер Зайнутдинов «Зенитке» ауысуы мүмкін еді
Түркиялық «Бешикташтың» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов осы жазды питерлік «Зенитке» ауысуы мүмкін еді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» газетіне сұхбатта Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов айтқан.
«Талқылау мен ұсыныстар көп болды. Менің де ақыл-кеңесімді сұрады. Бұл оның өз шешімі. Бактиердің саналы түрде жасаған барлық шешімін қолдаймын. Өзіне де соны айттым: „Әрине, бәрімен ақылдасу керек. Ұлттық құраманың бас бапкерімен де“. Нәтижесінде Зайнутдинов „Бешикташта“ қалды. Бұл таңдауға сыйластықпен қараймын, Бактиер дұрыс жасады деп ойлаймын. Еуропаға көз тікті ме, ілгері баса берсін. Бірақ „Зенитке“ де ауысуын қолдар едім» - деді Барменқұлов.
Зайнутдинов «Бешикташқа» 2023 жылдың жазында Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысты.