«Қайрат» командасы Ресей футболының аңызымен қош айтысты
Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кержаков «Қайратты» мамыр айының соңында басқарды. Оның жетекшілігімен командамыз 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.
Команда бас бапкерінің уақытша қызметін атқарушы қазақстандық бапкер Рафаэль Уразбахтин тағайындалды.