Маусымдағы алғашқы буллиттер сериясы «Барысқа» жеңіс әкелді

Маусымдағы алғашқы буллиттер сериясы «Барысқа» жеңіс әкелді

«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы ойындар сериясын «Спартакқа» қарсы матчпен аяқтады, деп хабарлайды Sport+. 

Ойынның негізгі және овертайм уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Буллиттер сериясында жалғыз дәл соққыны Гаррет Пилон орындап, Қазақстан командасына жеңіс сыйлады.

Матчта Логан Дэй, Әлихан Әсетов және Тайс Томпсон шайба соқты. Сонымен қатар Дэй «Барыстың» барлық үш голына да қатысты.

Енді астаналықтарды үйдегі матчтар сериясы күтіп тұр. Ол 10 қазанда «Авангардқа» қарсы ойынмен басталады.