Павлодардағы NAIZA турнирінде титулдық қарымта жекпе-жек өтеді
NAIZA лигасы 1 қараша күні Павлодарда турнир өткізеді. Жарыс аясында Сайхан Джемухаев чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай ауыр салмақтағы лига чемпионы Өзбекстан өкілі Мироншох Джафаровқа қарсы жекпе-жек өткізеді.
Бұл спортшылар бұған дейін OCTAGON лигасының турнирінде кездескен. Ол жолы жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталған.
Джемухаевтың рекорды — 5-1, ал оның қарсыласының көрсеткіші — 5-2.