Грозныйдағы айқас: ACA 208 турнирінің тікелей эфирі
Грозныйда ACA 208 ірі турнирі өтеді. Жарыс аясында 22 жекпе-жек ұйымдастырылады.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта Дауд Шайхаев пен Биберт Туменов чемпиондық белбеу үшін сынға түседі.
Қосалқы басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Абдулвахабов UFC-дің бұрынғы үздік спортшыларының бірі Глейсон Тибаумен кездеседі.
Турнир сағат 16:00–де басталады.
Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.