Қонысбек Түкенов: Алтын медаль жоспарлаған едік, бірақ жеребе өте күрделі түсті

Қонысбек Түкенов: Алтын медаль жоспарлаған едік, бірақ жеребе өте күрделі түсті

Қазақстандық грек-рим күресі балуандары Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өткен Азия ойындарынан елге оралды, деп хабарлайды Sport+.

Елге оралғаннан кейін ұлттық құраманың грек-рим күресінен бас бапкері Қонысбек Түкенов команданың жарыстағы нәтижесін қорытындылады:

«Жазғы Азия ойындарында кем дегенде бір алтын медаль жеңіп алуды жоспарлаған едік. Алайда елге бір қола жүлдемен оралып отырмыз. Өздеріңіз көргендей, біздің жігіттерге өте күрделі жеребе түсті. Сонымен қатар Париж Олимпиадасының жүлдегері Демеу Жадраевтың белдесуінде төрешілер тарапынан қателік жіберілді. Жоспарымызды жүзеге асыра алмадық. Бірақ алдағы әлем чемпионатында қарымта қайтаруға тырысамыз», — деп бапкердің сөзін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі келтіреді.

Қазақстандық «классиктер» Азия ойындарын небәрі бір қола медальмен аяқтады. Бұл жүлдені Мейіржан Шермаханбет жеңіп алды.