Қайрат Боранбаев Александр Кержаков туралы: Оның футболшы кезінде мінезі болған еді, қазір бапкер ретінде де мінезі бар
«Қайрат» футбол клубы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ресейлік бапкер Александр Кержаковпен жанжалға мен қауесет әңгімелерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Спорт-Экспресс» сайтына сілтеме жасай отырып.
— «Астанадан» тапқан жеңіліс тым ауыр болды ма? Сондықтан нәтижеге өте риза болмадыңыз ба?
— Бұл футбол. Біз бәрін түсінеміз. Ештеңе етпейді. Әрине, «Астанамен» нәтижеге біз риза емеспіз. Команда ұтылды. Александр арамызда әңгіме болғаны анық. Бірақ бұл конструктивті диалог болды. Нағыз ерлер әңгімесі.
Команда ұтылды, одан не болды? Мен кіріп, кездесудің осындай нәтижесі үшін бапкерлер мен футболшыларды мақтауым керек еді ме? Біз футболда бірінші жыл жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Барлығын өздерін түсінулеріңіз керек.
Мен киім ауыстыратын бөлмеге «Астанамен» матчтардан кейін ғана емес, барлық ойындардан кейін, жеңіске жеткенімізге немесе ұтылғанымызға қарамастан кіремін. Бұл жолы біз, әрине, ойынды талқыладық, мен футболшыларға өз құрамаларында жақсы өнер көрсетулерін тіледім.
— Кержаков командамен байланысын жоғалтты, ойыншылар тіпті бапкерден құтылу амалдарын іздеді деген әңгімелер бар…
— Міне, көрдіңіз бе. Байланыс жоғалтты деп жазады, кейін жалған сөздер ойлап табады. Мен мұның бәріне түсініктеме бере алмаймын.
— Команда әзірге бірінші орында тұр, ал бас бапкер кетіп қалды. Енді «алтынға» жете алмаймыз деп қорықпайсыз ба?
— Бұл футбол. Барлығы болады. Бірақ біздер бұл салада бірінші жыл жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Клубтың стратегиясы бірнеше жылға есептелген. Біз болашаққа қараймыз. Біздің команда жасөспірімдер Чемпиондар лигасында ойнайды (U-18). Біз жастар бойынша барлық жастағы ел чемпиондарымыз. Сондықтан болашаққа үмітпен қараймыз. Ал чемпиондық үшін күрес әлі де жалғасуда. Алысқа қарау маңызды. Біз нәтижеге ерте ме, кеш пе қол жеткіземіз. Мен бұған қатысты алаңдамаймын.
— Кержаковпен жұмыс тәжірибесі сізге не берді?
— Білесіз бе, Александрдың нақты мақсаты бар. Ол білімді, өршіл. Оның өз көзқарасы бар, оны көпшілік ұнатпауы мүмкін. Бірақ әр бапкердің өзіндік пікірі болуы керек. Мен барлық жұмыс жасаған бапкерлерден бір нәрсе үйренемін. Кержаковтың бізге келгеніне қуаныштымын. Мен оның жетістікке жететініне сенімдімін. Оның футболшы кезінде мінезі болған еді, қазір бапкер ретінде мінезі бар. Бәрі жақсы. Ешқандай мәселе жоқ!