logo

«Атырау» Болгария құрамасының бұрынғы шабуылшысымен келісімшарт жасасты

«Атырау» Болгария құрамасының бұрынғы шабуылшысымен келісімшарт жасасты

«Атырау» футбол клубы болгариялық шабуылшы Цветелин Чунчковпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.  

Форвард қазіргі маусымда Софияның «Славия» клубында 16 матч өткізіп, бір голмен көзге түскен.  

Бұған дейін футболшы «Стяуа», «Лудогорец» және «Левски» командаларында ойнаған. Сондай-ақ, оның еншісінде 2019 жылы Болгария құрамасы сапында өткен екі матч бар.